«Миф әлеміндегі инновациялық foresight» пәндер апталығы аясында 12.10.2023 жыл күні математика пәні мұғалімдері Нұрмаханова Шұғыла мен Онбаева Жазира «Мамандық өмір таңдауы» тақырыбында 9-10 сыныптар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне саяхат сабағы өтілді.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Физика-математика» кафедрасының доценті Каинбаева Лариса Сагижановна «Физика», «Математика», «Информатика» кафедраларын аралатып, оқушыларға мамандық таңдаудағы өзінің ойымен бөлісті.
Саяхат сабақ барысында оқушылардың пікірлері сұралды «Мамандық дегеніміз не?»
-Біздің болашағымыз - біздің мамандығымыз;
-Адамның болашаққа апаратын жолы;
-Адамның алдағы уақытта қойған мақсаттарының бірі;
-Мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
-Оқу бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
-Белгілі бір кәсіпке ие болу биіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру.
Оқушылар әр түрлі өз ойларын толықтырып пікір алмасты. Бүгінгі кездесуге өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.Абай атамыз айтқандай «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
{gallery}--/--/20{/gallery}



