oC

 

Абылай хан атындағы #140 қазақ орта мектебінде 2023 жылдың 16-20 қазан аралығындағы "Ер есімі-ел тарихы" тақырыбындағы пәндер апталығында 2023 жылдың 17қазан күні Қазақстан тарих пәнінен” Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты" тақырыбындағы саяхат сабақпен жалғасты.

Сабақты тарих пәнінің мұғалімі Айтолқын Оспанова 7 "В" сыныбымен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейде өткізді.

Сабақ барысында тәжірибелі ұстаз оқушылармен қазақ хандығының ішкі жағдайын талдап және Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына баға берді.Облыстық тарихи – өлкетану мұражайының қорында 51.239 көрме қойылымдарын және XVlll ғасырдағы қазақ хандығы кезеңіндегі археология мен этнография, нумизматика, мүсін, қолданбалы өнер бұйымдары, фотосуреттер мен құжаттар, сирек кездесетін қолжазбалармен танысты.

 

gallery}9-131/zhaniliktaroff/1{/gallery}