Сайлау ережесіне сәйкес сайлау күніне дейін кандидаттар өз бағдарламаларын 8-11 сынып оқушылары арасында таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Сайлау қорытындысы бойынша 8-11 сынып оқушыларынан 304 сайлаушы дауыс беріп, мектеп парламенті мүшелері байқаушы болды. Үміткерлер арасынан 141 (46,4%) басым дауыс жинаған 9 "Ә" сынып оқушысы Тасболат Аружан жеңіске жетті.
Мектеп Президенті болу үлкен жауапкершілік, осы жауапкершілікті абыроймен алып шығып мектебіміздің атын тек биіктерден көрсетеді деген үлкен сенімдеміз!
{gallery}9-131/zhaniliktaroff/6{/gallery}



