Мектеп Парламенті "Спорт және салауатты өмір салты" фракциясының кезекті жұмысы. Мектептің есігін ашқан жас ұрпаққа адам бойындағы қасиеттерді қастерлеп, өмір талабына сай заңдылықтарды түсіндіру, үйрету және жасөспірім бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру мақсатында "Таза сынып, таза мектеп" акциясы өткізілді.



