Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
Мәлік Ғабдуллин
«Пед-дизайн» мектебінің «педstart кәсіби бағдар» жобасы аясында мектебіміздің 10 сынып оқушысы Дәуренбек Жәния зор сүйіспеншілікпен педагог мамандығын таңдап отыр. Ол өзінің ұстазы, тарих пәнінің мұғалімі Кенжегулова Раушанмен бірге ұстаздық мамандықтың қыр-сырын талқылап көрді. Ұстаздық жолдық қиын да қызық жолдарын түсіндіріп, асқан жауапкершілікті қажет ететін мамандық екенін атап өтті. Дегенмен, Жәнияның мұғалім мамандығына деген қызығушылығы аса жоғары.
Болашақта Жәнияның өз ұстазы сияқты білікті, білімді өз ісінің нағыз маманы болатынына сенім білдіреміз.





