Бақыт туралы ойланбаған, қалам тартып жыр жазбаған даналар мен абыздар жоқ шығар. Бір қызығы, сол бақытты әркім әр жерден іздеп әлекке түсіп жатады.
Бірі бақытты байлықтан, бірі денсаулықтан, бірі атақ-даңқтан іздесе, енді біреулері жылы ұя, адал жар мен баладан табуды жөн көреді. Ал, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өз өленіңде:
Үміт үзбей іздейді олар,
Тыңдап сол бір жақұтты.
Оны алыстан іздемегін,
Жүректен тап бақытты!, – деп толғайды.
Мектебімізде жұмыс жасап жатқан
Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымының оқушылары “Бақыт деген не өзі?” деген сұраққа “Бақыт деген - сенің бала күндерің” деп әнмен жауап береді.
Бақытты болу әр адамның өз қолында. Дегенмен бақыттың бастауы балдай тәтті балалық шақтан басталатыны хақ. Әрбір бала өзінің ерекше балалық шағын естен кетпейтіндей, өзіне ұнаған қалпында өткізуі тиіс. Ал оған ықпал жасаушы біріншіден атан-ана, екінші тарап ұстаз, және оқушы. Осы үштіктің байланысы сапалы болса, бала бақытты. Ал баланың бақытты болып өсуі болашағымыздың жарқын нұры деп білеміз.



