oC

Облыстық тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен "Мектеп театры" жобасы бойынша TED TALKS алаңында мектеп оқушылары шеберлік көрсетті.

Биыл қазақ даласында туып, өскен өлкесінің дамуына шығармашылық, қайраткерлік сипатымен үлес қосқан бірқатар тұлғаның мерейтойлары тойланады. Осы қатарда ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері - Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллиннің туғанына - 130 жыл және қажырлы қайраткер Тұрар Рысқұловтың да туғанына 130 жыл болады.

Жоба қатысушылары аталмыш тұлғаларды сомдап, шығармаларынан қойылым ұсынды. Жетекшісі Жулдызай Музарапшина Рөлдерде

- Алматұлы Сағи 9"А" сынып - Бейімбет Майлин және солдат рөлінде

- Бектемір Ромазан 9"А" сынып - Тұрар Рысқұлов рөлінде

- Жамаладдин Арман 9"А" сынып - ауыл баласы рөлінде

- Тасболат Аружан 9"Ә" сынып - Шұғаның рөлінде

- Бүркітбай Асылай 9"Ә" сынып - келіннің рөлінде

- Амангелдин Диас - Сәкен Сейфуллин және Әбдірахман рөлінде

- Есжанов Шахсұлтан 9"Б" сынып - Шерхан Мұртаза және Ақан сері рөлінде

- Талшын Оспан 9"В" сынып - әженің рөлінде

- Қыдырбек Дидар 9"В" сынып - Ілияс Жансүгіров және солдат рөлінде

- Әділхан Саят 10 "А" сынып - атаның рөлінде.