Жаратылыстану ғылымдарындағы Биология, География, Химия пәндерінің апталығы "Әлемнің ғажайып үш тірегі" тақырыбында әдеби-музыкалық салтанатты шарамен ашылды.
Таңертең жұмысқа, сабаққа келген мұғалімдер мен оқушыларға қызықты викториналық сұрақтар жасырылып, түрлі практикалық қызықты жұмыстар мен көрмедегі сабаққа қажетті ресурстар көрсетілді.
Апталықтың ашылуы әрі қарай Акт залда әдеби-музыкалық кешпен жалғасын тауып, театрланған қойылымдар көрсетіліп, экоакциялар өткізілді. Қызықты химиялық реакцияларды оқушылар өз қолдарымен тәжірибелер жасап көрсетті.
Жаратылыстану пәндері апталығынан ғылыми мазмұндағы қызықты жаңалықтар күтеміз.



