oC

Әр шаңырақта әкенің алар орны ерекше. Әке – отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әке тәрбиесін, әкенің орнын ешкім де баса алмасы анық.

Мақсаты:

Әке мен қыз арасындағы жылылық пен қарым-қатынасын нығайту.

Қыз тәрбиесінде әке басты кейіпкер екендігін түсіндіру.

Іс-шара төмендегідей бөлімнен тұрды:

  1. "Қас қағым" айдары

Бұл бөлімде әкелерге қыздарына байланысты сұрақтар қойылды.

  1. ⁠Әкемнің алақаны

Қыздардың көзін байлап, әкелердің ішінен өз әкесінің алақанын табу

  1. Алғыс айту- Қыздарымыз өз әкелеріне видео арқылы рақметін айтып, жақсы көретінін жеткізді
  2. Ашық хат- Шара барысында әке мен қыздар бір-біріне рақметін айтып, өзара хат алмасты.

Әке мен қыз арасындағы жылылық артып, қыз бала тәрбиесінде әке маңызды роль атқаратындығын сезіндіре отырып, шара жақсы көңіл-күйде аяқталды.