oC

        Қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезов -80 жаста. Осыған орай 9 ақпан күні "Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектеп кітапханашылары "Ұлының ұлы болуы үлкен жауапкершілік" атты әдеби танымдық сағат өткізді. Шараға 7"В"-сынып оқушылары қатысты, сынып жетекшісі Онбаева Жазира. Әдеби танымдық сағат барысында оқушылар Әуезов Мұрат Мұхтарұлының өмірбаяны, жазған еңбектері, ата-анасы туралы естеліктерімен танысып, теледидар бағдарламасына берілген сұхбатынан көрініс қойды.