Шуақты күздің алғашқы күні шартарапта соғылып жатқан алғашқы қоңырау, білім күні мерекесін Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебі үлкен дайындықпен қарсы алды. Білім биігіне жетелер мектеп табалдырығын жүз қырық сегіз 1 сынып оқушысы аттап, «Кел балалар, оқылық!» салтанатты жиынына қатысты.
Биылғы оқу жылының басты ерекшелігі білім әлемінің кілті – әліппе оқулығының қайта оралуы болды. Сонымен қатар биылғы жыл Ағартушы-ұстазымыз Ыбырай Алтынсариннің жылдығы, Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының жылдығы мерейтойымен тұстас келіп отыр. Бүгінгі салтанатты шарада Ы.Алтынсарин рөлі сомдалып, оқушыларға жаңа оқу жылына сәтті қадам, таудай талап тілеумен басталды.
Салтанатты жиынды арнайы қатысып отырған қонақ Облыстық білім басқармасының инспекторы Азамат Молдабайұлы және мектеп директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, қалалық мәслихат депутаты Айгуль Нажмадинқызы ашып, ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, ыстық лебізін білдірді.
{gallery}neww-1{/gallery}



