«Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік-жігіттің қасиеті»
15 наурыз 2024 жыл
Халық қаһарманы, «Алтын жұлдыз» атағының иегері, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған алғашқы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толып отыр.
Осы орайда «Smart мектеп» жобасы аясында, 66597 әскери бөлімі офицері капитан Тұрсынбеков Болат Алтынханович және қарулы күштер ардагерлер облыстық филиал төрағасы, отставкадағы подполковник Ршауов Мыңділдә Сағидоллаұлы мектебімізде қонақ болды. Ол 9-11 сыныптың ер балаларымен «Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік-жігіттің қасиеті» атты ерлік сабағын жүргізді. Мектеп оқушыларын партриоттыққа, елжандылыққа, өз ұлтын шексіз сүюге және құрметтеуге дәріптейтін мазмұнды да маңызды шара өткізілді. Ұлы тұлғаларымыздың ерлік істерін жасөспірімдерге үлгі ету арқылы нағыз ұлтжанды оқушылар тәрбиелейміз деп сенеміз. Ер-есімі ел тарихында мәңгі қалары сөзсіз.




