oC

МАҚАЛ - СӨЗДІҢ МӘЙЕГІ…

Мақсаты: Мақал-мәтелдердің мағынасын ұғынуға , олардың айырмашылығын айыра білуге үйрету. Сөздік қорын молайтып, ақыл-ойын дамыту.

”Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектебіміздің 2"Б"сынып оқушыларымен мектеп кітапханашылары "Мақал-сөздің мәйегі" атты сайыс өткізді. Сынып жетекшісі Караева Айнур. Сайыс барысында сынып екі топқа бөлінді, "Қыран" және "Бүркіт" тобы. Сайыс екі кезеңнен тұрды.

1-кезеңде екі топтың басшысы тақырып таңдап алып, сол тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтты;

2-кезеңде топ оқушылары кезекпен шығып түрлі түсті гүлді таңдап, артында жасырылған мақал-мәтелдің жалғасын тауып айтты;

Сайыс нәтижесінде "Бүркіт" тобы ерекше көзге түсіп, өз ұтқырлықтарымен жеңіске жетті. Сайыста белсенділік танытқан оқушыларымызға Алғыс хаттар табысталды.