Мектепте өртке қарсы оқу-жаттығу дайындықтары пысықталды.
Қызылорда қаласындағы Абылай хан атындағы #140 қазақ орта мектебінде жоспар бойынша өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.
Жаттығу барысында өрт дабылы берілгенннен кейін Білім ордасында оқитын 667 оқушы мен барлық қызметкерлер 10 минут 35 секунд ішінде мектеп сыртындағы аумаққа эвакуацияланды. Мектеп ішінде 6 эвакуациялық шығу есігі бар.
Жалпы білім ошақтарында бұндай сақтық шаралары жарты жылда бір рет өткізіледі.
Өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жоспарлы түрде өтетін шаралардың бірі. Сондықтан тілсіз жаудың алдын алу үшін барлық сақтық шараларын ескерген абзал.
Өрт-бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғамға зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрттен қорғанудың негізгі жолы-оның себебін болдырмауға әрекет жасап, сақтана білу.
{gallery}neww-2{/gallery}



