oC

 

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ –НАУРЫЗ  құтты болсын!

 

18 наурыз 2024 жыл

 

Мектебімізде оқушыларға Наурыз - жыл басы, ұлт мейрамында ұлттық киімдердің маңызын дәріптеу мақсатында «ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР КӨРСЕТІЛІМІ» өтті.

Фестивальге бастауыш және жоғары сынып оқушылары да белсенділіа танытып, жоғары деңгейдегі дайындықпен қатысты.

Қазақ халқының ұлттық киімдері - этникалық, экономиялық және климаттық жағдайларды ескеріп, ежелгі дәстүрге сай жоғары талғаммен тігіледі. Қазақ халқының ұлттық киімдері қолөнер­дің озық үлгісі ретінде ғана емес, дала жағдайына ыңғай­ланған сан алуан әше­кей­лерімен, ою-өрнектерімен ерекше екені мәлім.

Қазіргі таңда елімізде қазағымыздың көне ұлттық киімдері өз ерекшелігі мен әсемдігін сақтай отыра, заман талабына сай сан алуан киімдер мен әшекейлер түрінде қолданысқа еніп, жаңаша үлгіде жаңғырып жатқандығы қуантарлық жайт. Оған дәлел бүгінгі оқушылардың көрсетілімі…