Абылай хан атындағы #140 қазақ орта мектебінде Тілдер күні мерекесіне орай "Үш тілділік-заман талабы" тақырыбында оқушылар мен ұстаздарың қатысуымен конференция өтті.
Конференция барысында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқушылардың даярлаған баяндамалары оқылды. Оқушылар баяндамалары арқылы өз тіліне және өзге тілдерге деген қызығушылықтарын білдіріп, зор ықыласпен конференцияны жоғарғы деңгейде өткізуге ат салысты.
Сонымен қатар шара барысында тілге деген аса құрмет көрсетіліп, қазақ зиялылары мен ағартушылары жайлы сөз қозғалып, тілге байланысты еңбектері мен өлеңдері қамтылды. Тіл мамандары өз міндеттері мен мүмкіндіктерін пайдаланып, жас ұрпаққа өз тіліміз бен өзге тілдің де аса маңыздылығын толыққанды дәріптеуде.
Тіл-қатынас құралы. Ендеше қайсыбіріміз болмасын ана тілі, орыс тілі, ағылшын тілін үйрете жүріп үйрену-азаматтық борышымыз.
{gallery}neww-3{/gallery}



