"ҒЫЛЫМИ БАҒДАР БЕРУ ШЕБЕРХАНАСЫ" аясындағы «Педагогикалық дизайн» мектебінің №34 әдістемелік-тәжірибе алаңы.
"Пәндік олимпиадаға дайындық зертханасы" тақырыбындағы тәжірибе алаңында 2024 жылдың 29 наурызы күні ZOOM платформасымен тәжірибе алмасу сағаты болып өтті.
Жұлдызды шәкірттер дайындау, талантты баланы шыңдап, қияға ұшыру табысты ұстаздардың жемісі.
Тәжірибе алаңының модераторы Абылай хан атындағы №140 орта мектептің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Мусабаева Айгүл Нажмадинқызы.
Спикерлер №10 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының ұстаздары; Мұстақұлов Алмас Мырзабайұлы, директордың бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі, Утегенова Гүлназ Бекмырзақызы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, география пәні мұғалімі.
Білікті ұстаздарымызбен тәжірибе алаңында кездесуде білім алушылардың дарындылығын дамытудағы табысты педагогтың тәжірибесі мен ролі, пәндік олимпиадаға және ғылыми жобаға дайындау моделі туралы тәжірибе алмасу, тиімді әдістер мен тәсілдер, білімді тереңдету ресурстарының көздерімен танысып, түрлі пікірлермен кері байланыс жасалды.




