«Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда,оны түзете алмайсың…»
Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін негізгі жүйе. Оның басты өлшемдері өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады және ол үш жақты үйлесімділікті талап етеді. МЕКТЕП, АТА-АНА және БАЛА. Аталған үш тарап үнемі жүйелі жұмыс жүргізіп отырса баланың болашағы жарқын болары анық.
Бүгін де мектебімізде 3 «Ә» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Қаралған мәселелер:
«Амандасу» тренингі;
ІІІ тоқсан қорытындысы;
Жазғы демалысты ұйымдастыру;
«Жұмсақ шеңбер» тренингі;
Сынып жетекшісі: Құдайбергенова Л




