Облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ поэзиясының Құлагері» атанған Ілияс Жансүгіров атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңі Қызылорда қаласында Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде өтті.
Облыстық кезең : «Ілияс-эпик ақын», «Жаз! Жаз,қалам, жорғалап», «Ілияс-қарасөз шебері», «Сұлу сөздің сүлейі», «Заманның заңғар тұлғасы» бағыттары бойынша өтілді. Облыстық сайысқа отыздан аса оқушылар қатысты. Оқушылар ақын шығармашылығына деген құрметпен, зор дайындықпен келгені байқалды. Шығармаларын жан-жақты шеберлікпен орындады. Жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Ең үздіктер республикалық кезеңге жолдама алды. Дәстүрлі «Ілияс Жансүгіров оқулары» сайысы жыл сайын жалғасын табатын болады.
Осы орайда,9 сынып оқушымыз Оспан Талшын қалалық кезеңнен жүлделі. І орын алып, облыстық кезеңде ІІІ орынмен жеңіс тұғырынан көрінді! Әдебиет әлеміндегі бағындырар биігің көп болсын!
Ілияс жаухар сөздің жаршысы. Сусындап өскен әр шәкірт биік белесті бағындыратынына сеніміміз мол!



