oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/neww-6
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/neww-6

Мұғалімнің мәртебесін көтеру, ұстаздарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында #Мың_рақмет_ұстаз_мұғалім акциясының айдары

І күн

----------------------------------------

Супер сынып жетекшім!

Бүгін мен өзімнің сынып жетекшім, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жулдызай Музарапшина апайыма алғыс айтқым келеді. Бастауышпен қоштасып, 5 сыныпқа көшкен уақыттан бастап мен өзгеріп, жаңа қырымнан таныла бастадым десем болады. Ол әрине, мұғалімімнің зор еңбегі дер едім. Жұлдызай апайдың жетекшілігімен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектепте бірнеше шараларға қатысып, балалар әдебиетімен етене таныстым. Кітап оқуға, әңгіме желісіне терең бойлауға машықтандым. Бізге апайымыз «Болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады» деп айтып отырады әрдайым. Мектепте үйренген, білгендерімізді қалалық, облыстық жарыстарда көрсетіп жүрміз. Жұлдызай апаймен "Шешендік өнер", қала тарихы мен мақтаныштарын насихаттауға бағытталған "Туған өлкем, тұнған шежіре" сайыстарына, Жастар орталығында өткен «Кітап сыйла» акциясына, оқушыларға арналған Поэзия кештеріне қатысып жүрмін. Мен мектебімді, ұстазымды мақтан етемін.

6 "А" сынып оқушысы Бақыт Даниал  

{gallery}neww-6{/gallery}