Сыныбы: 3 "А", 3 "Ә"
Сынып жетекшілер: Сманова Ж. К. Құдайбергенова Л. С.
23.04.2024жыл
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: ҚҰСТАР - БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ.
Сабақтың мақсаты:
Табиғат жайлы түсініктерін тереңдете отырып, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту. Жыл мезгілдерінің өзгеруіне байланысты тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу;
Сабақтың түрі: Travel lesson(Саяхат сабақ)
"Ақ көгершін "әні арқылы жаңа сабақты ашу;
"Құстардың самғауы" Шамшырақ әдісі арқылы табиғат аясына саяхат жасау;
"Құстар сыры..." Сан алуан құстар жайлы сыр шертіп,жұмбақтар жасырды;
Тәрбие сағаты барысында оқушылар әр түрліқызықты тапсырмалар орындап, белсенділік танытты.
" Фонарик " әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, ағаштарға су құйып, құстар ұясына жем салды.




