oC

Сыныбы: 2 “Г”

Пән мұғалімі: Әлжан Ұлбосын Раматуллақызы

23.04.2024 жыл

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттың қауіпті құбылыстары

Сабақтың мақсаты: Кейбір табиғат құбылыстары адам өміріне қауіпті болатынын білу. Қауіпті табиғат құбылыстарынан сақтанудың жолдарымен танысу

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың басы ағылшынша амандасумен басталып, кейін “Сиқырлы сандықша” ойыны ойнатылды.

Топтар “Summer”, “Autumn”, “Winter”, “Spring” деп бөлінді. Үй тапсырмасын “Оқушы ТВ” сұхбаттасу әдісі арқылы пысықтап, жаңа сабақтың тақырыбын сурет қиындылары арқылы құрап тапты және мақсаты айтылды.

Жаңа сабақ “Жасанды интеллект” әдісі арқылы түсіндірілді.

Кейін мектебіміздегі География пәнінің мұғалімі Әбдір Мөлдір апайымыз метеорологиялық орталық туралы балаларға біршама түсіндірме жұмыстарын жүргізіп кетті.

Сабақта сонымен қоса глобус, карталар көрсетілді. Сабақ барысында топтық, жеке, ұжымдық жұмыстар жасалып бағаланды. Сабақта сызғыш, жаңбыр тамшылары, медальдар арқылы ұпайлары анықталып отырды.

Топтық жұмыс барысында Wordwall платформасы, “Бес саусақ” әдістері пайдаланылды.

Тақырып пен жас ерекшеліктеріне қарай “Билейтін бөтелке” т.б. сергіту сәттері жасалынды. Тақырыбымызға орай су тасқыны болған қалаларға “Қайырымдылық бұрышын” жасадық.

Сабақ соңы “Classroomscreen” әдісі арқылы кері байланыс алынды.