Сыныбы: 4 "Д"
Пән мұғалімі: Болатова Ақмарал Болатқызы
24.04.2024жыл
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Армандар орындалады.
Сабақтың мақсаты: Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен мысал келтіре отырып дәлелдейді.
Сабақтың түрі: Интеграциялық сабақ
"Сиқырлы шам" әдісі арқылы топқа бөлу «Арман», «Мақсат», «Қиял» .
"Ақиқат-жалған" әдісі арқылы өткенді пысықтап, суретті жұмбақпен жаңа сабақ тақырыбы, мақсаты хабарланды.
Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындап, «От шашу» бағалау әдісі арқылы бағаланды. "Кластер" әдісімен автор туралы мәлімет түсіндірілді. Тақырыпқа, жастарына сай қара оқы әдісімен "Армансыз күнім болмайды" әнін шырқап сергіту сәті жасалды.
"Сиқырлы таяқша" әдісі арқылы қызықты сұрақтар қойылды.
"Plikers" платформасымен тест сұрақтары алынып бекітілді.
«Алтын балық» әдісі арқылы кері байланыс алынып, үйге тапсырма берілді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.



