oC

“БІЛІМ НЕГІЗІ - БАСТАУЫШ” тақырыбымен бастауыш сыныптар апталығының жабылуы сахналық, музыкалық қойылыммен өтті.

Мақсаты:

Балалардың жан - жақты қырларын ашу, сахнада ойнау шеберліктерін көрсету

Балалардың тек білім алып қана қоймай жан - жақты дамыту .Осы мақсатта оқушылардың өнерлері паш етілді.

Апталық барасында әртүрлі сайыстарға, іс- шараларға қатысқаны үшін оқушылар марапатталды.

1 “Б “ сынып оқушылар “Келіншек “ биін ұсынды. Сынып жетекшісі: Жабикенова Салтанат

4”Ә” сынып оушылары өздерінің ұстаздарымен дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды. Сынып жетекшісі: Әбілқасымова Тамаша

1 “Б “ сынып бүлдіршіндері мен жетекшісі “Жеті лақ” ертегісі қойылымын қойды, керемет қойылым куәгері болдық. Бүлдіршіндер керемет дайындықпен келген.

Апталықтың соңы ұстаздар қауымын марапаттаумен аяқталды. Жабылуы жоғары деңгейде өтті.