oC

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» республикалық экологиялық акциясы аясында мектебімізде "ТАЗА ӨЛКЕ" челленджді ұйымдастырылды. 11 сынып оқушылары мектеп ауласына ағаш отырғызды.

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамал болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға да әсері мол.