Балалардың құқықтарын қорғау және балаларға қатысты жобаларды тиімді басқару мақсатында «Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі» #МЕНІҢ_БАУЫРЫМ еріктілер жобасын іске қосты. Мектеп оқушыларының қолайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуына жағдай жасауға бағытталған бұл шараға біздің мектепте ат салысуда.
Мектебімізге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен ерікті студенттер келіп, "Менің бауырым" жобасы аясында оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу #питчинг форматында өтті және оған мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Студенттер мен оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында түрлі тренингтер жүргізілді. Сондай-ақ "Менің бауырым" еріктілер жобасының мақсат, міндеттері түсіндіріліп, алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға қысқаша шолу жасалынды.
Волонтер жастар - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың тікелей көрінісі. #Еріктілер өз елінің нағыз патриоты мен азаматы ретінде балаларды жақсылыққа, әділдікке, жасампаздыққа жетелеп, шығармашылық шабыт береді деген сенім білдіреміз.



