Мақсаты – оқушыларға Қазақстан халқының бірлігін түсіндіру, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу және білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру.
Бұл күні еліміздегі көп ұлтты этностардың бір шаңырақта «Біз әртүрліміз, бірақ Біз теңбіз!» қағидасын сақтай отырып, ұлттардың тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын атап өту маңызды.
Бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттың мәдени салты мен дәстүріне ден қойып, этнос халықтарының тарихы туралы да ақпарат беру маңызды.
Осы орайда мектебіміздің 4 сынып оқушылары "1 Мамыр – Бірлік пен Татулық мерекесі" тақырыбында диктант жазды.





