oC

Бүгін Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 6 «Г» сынып оқушыларымен «ТОҚТА, ВАНДАЛ!» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсатына орай вандализм – бұл мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру, тып-типыл тонау әрекеті жайында түсінік бере отырып, жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан түрі екендігі туралы ескертіп, ҚР қылмыстық кодексінің вандализм 294-бабымен таныстырды. Тақырыпқа сәйкес слайдтар, қойылымдар көрсетілді.