Мектебіміздің 6 «Б» сыныбы да "Тоқта, вандал!" тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп, аталмыш шараға өз үлестерін қосты.
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяумсыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру, тонау әрекеттерінен аулақ болуға шақыру. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі екендігі оқушыларға түрлі әдістер арқылы түсіндірілді.




