oC

Балалардың қауіпсіздігі қай кезеңде де басты назарда және күн тәртібіндегі негізгі мәселе. Сол себепті бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаған жөн. Балалардың қатысуымен көптеген қайғылы жағдайлар орын алуда. Соның ішінде суға шомылу маусымына байланысты түрлі қайғылы хабарламалар жиі айтылып, жыл сайын олардың саны көбеюде.

Жазғы демалыс кезеңі балалардың бос уақыты көбейетін маусым. Сондықтан оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін «Су айдындарындағы суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік, жер сілкінісі кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер, өрт қауіпсіздігі және Конго-Қырым гемморагиялық қызбасының алдын алу шаралары» тақырыбында тиісті сала мамандарымен кездесу өтті. Кездесуге төмендегідей мамандар қатысты

  • Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының офицері, аға лейтенант Сейілов Дулат
  • Жедел құтқару жасағының құтқарушысы Сәрсенбаев Нұрсұлтан
  • Жедел құтқару жасағының мейірбикесі Сатыбалдиева Жанат

Жиналыс барысында суға түсу кезеңіндегі сақтық шаралары жан-жақты түсіндіріліп, арнайы суға түсуге арналған жабдықтарды дұрыс пайдалану, суға түсуге арналмаған су айдындарының қаупі туралы айтылды. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі тақырыбында сөз қозғалды.