oC

Тәрбие талбесіктен басталады. Отбасында өнегелі ананың образын көріп, тәрбиелі жанның үлгісін алып өскен ұрпақ бір-бірін сыйлап, өзгені де өзегі талғанша көргендігін жасап, ілтипатын паш етеді. Әлем рухани құндылықтарсыз өмір сүре алмайды, жақсы қасиеттерді насихаттайтын тәрбие ғана мәңгілікке бастайды. Келер ұрпақтарымыз Тарихтағы батыр аналарымыз секілді алға қойған мақсатына жете білетін, қайсар мінезді азамат болып өссін!