Мектебімізде 4 сынып оқушыларының арасында “ ШУАҒЫМСЫҢ СЕН” деп аталатын мәнерлеп оқу сайысы болды. Сайыс #бейне_челлендж форматында өтті.
Жалпы бұндай форматтағы мәнерлеп оқу сайысының мақсаты оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой мазмұнына сай баяу оқи білу машықтарын байқау, бағалау. Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сайысқа оқушылар белсене қатысып, өздерінің анаға деген құрметтерін көрсеткені үшін алғыс жарияланды.



