2021 жылдың 04 -09 қазан аралығында Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебінде жұмыс жасап жатқан #Online кіші мектебінің #Киберпедагогика жобасы негізінде оқыту мен оқу үдерісінің сапасын арттыру, жас ұстаздардың кәсіптік деңгейлерін қалыптастыру, оларға әдістемелік көмек беру мақсатында тәжірибелі ұстаздар түрлі форматта шеберлік сыныптар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқытушылардың кәсіби құзіреттіліктерін кеңейтіп, инновациялық әдістерді қолданып, білім сапасының тиімділігін арттыруда жас мамандар пәндері бойынша оқу жоспарын саралап, #ҰМЖ,#ОМЖ, #ҚМЖ ерекшеліктерін жіктеп, сабақта қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдермен және казіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктерімен танысты.Сонымен қатар, #ғылымижоба жазу, оны қорғау,#авторлықбағдарлама жасау ерекшеліктері де талқыланып, жас ұстаздар тың мәліметтер алып, қоржындарын толықтырды. Білім сапасын жақсартуда мұғалімдерді жаңашылдыққа бағыттауға негізделген бұл шара тағы да өз жалғасын таба бермек.
{gallery}neww-9{/gallery}



