Ғылым бұл – табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы. Осы бағытта оқушыларды ғылыми ізденіске бейімдеу, зертханалық жұмыстар жасауда зерттеудің жалпығылымдық әдістерін, ғылыми таным әдістерінің деңгейлерін түсіндіре отырып мектеп мұғалімдері оқушылармен жұмыстар жасауда.
Мектебіміздің "Жасыл ғаламшар" кіші мектебінің #GREEN_STUDY жылыжай ғылыми-ізденіс орталығында оқушылармен жүргізілген жұмыстардың бір көрінісі. Оқушылар жылыжайда өсірілген өнімдердің қалыпты жағдайда өсіп-өнуіне ықпал жасауда тәжірибелік бағытта жұмыстар жүргізді.Жоспарға сай жұмыстар өз деңгейінде атқарылды.
{gallery}neww-10{/gallery}
Мектебіміздегі #Жасыл_ғаламшар кіші мектебінің #метеорологиялық_тәжірибе алаңында оқушылар температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу жұмыстарын жүргізуін жалғастыруда.
Сәйкесінше, білім алушылар жауын - шашын өлшеуішпен жер бетіне түскен жауын - шашын мөлшерін миллиметр есебімен есептейді, оқушылар арнайы шелекке жиналған судың мөлшерін анықтау мақсатында қабырғасы өлшем сызық шкалаларымен бөліктерге бөлінген стакан арқылы зерттеу жүргізеді.
{gallery}neww-11{/gallery}



