oC

 #Мен_Мектеп_Ұстаз

Ең үздік шығарма - оқушының өзі жазған шығармасы. Ұстаз бен шәкірт - егіз ұғым. Білім алған мектебіне, білім берген ұстазына қарап, осынау білім жолының маңыздылығын түсінген оқушылар өз ойларын, сөзбен жеткізе алмаған сезімдерін, алғыстарын хат-қаламмен қорытып, параққа түсірді

Мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары өздерінің білім алып, оқыған ыстық ұя мектебіне арнап, ондағы ұстаздар қауымына алғыстарын білдіріп «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында #эссе жазды.

“…Мектепті білім айдынындағы үлкен кемеге теңегім келеді. Осы кемеде бала он бір жыл уақытын өткізеді. Бұл кемеде небір дарынды тұлғалар да, әлемді бас идірген ағаларымыз да, сіз де, біз де отырдық…

…Ғылымның қыр-сырын меңгеріп, бойындағы бар білімін оқушыларына сіңірген ұстаздарымыз қаншама! Ұстаздың жолында шаршамай, талмай қызмет етіп жүрген асыл жандарымыз барша құрметке лайық…”

#Оқушылардың_өзек_тесті_ойларынан