Рәміз – бұл мемлекеттің төлқұжаты. Мемлекеттің басты рәміздерінің бірі – гимн яғни әнұран. #Ал_сіз_білдіңіз_бе? Гимн сөзі гректің «gimneo» сөзінен шыққан және «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді.
Балалардың патриоттық тәрбиесін патриоттық санасын, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру мақсатында бүгінгі күнімізді #ӘНҰРАН айтудан бастадық.
Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиеледе бірінші бесік - атан-ана болса, екінші бесік - білім беру ұйымдары.
Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы ұлттық патриотизмнің басты көрінісі - қазақтың ана тілінде сөйлеуі, балаларына ұлттық тәрбие беруі, ұлттық мінез, жүріс-тұрыс әдетін қалыптастыру, ізет, құрмет, қайырым, мейірім тағы басқа сезімдерін дамытуы мектеп пен ата-ананың сабақтастықтағы жұмысының нәтижесі екендігін тағы да еске салғымыз келеді



