#Бақыт_деген_сенің_бала_күндерің…
Қызығы мен шыжығы қатар болған 10 күнде өте шықты…
Абылай Хан Атындағы Мектеп жанынан ашылған «БАЛДӘУРЕН» жазғы тынығу легері өз жұмысын аяқтады. Мектеп оқушыларының жазғы демалысын қызықты әрі танымды түрде өткізуді мақсат еткен «Балдәурен» лагері өз балаларымен 27.05-07.06 аралығында бірге болып, өз жұмысын жасады.
Балардың сапалы өткен 3 айлық жазғы демалысы, алдағы 9 айлық сәтті оқу жылының кепілі.
«БАЛДӘУРЕН» жазғы тынығу легерінің соңғы күні балаларға ерекше әсер сыйлады. Шара 2 бөлімнен тұрды.
І бөлім: МАРАПАТТАУ. Балаларға 10 күн бойы лагерь шараларына белсене ат салысып, өздерін түрлі қырларынан танытқаны үшіп арнайы дипломдар табысталды





