oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/neww-14
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/neww-14

Қызылорда қаласы Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде 18-23 қазан аралығында #Әлем_нақты_ғылымдар_тілінде тақырыбындағы жаратылыстану пән апталығы болып өтті.

Апталықтың мақсаты

Оқушылардың жаратылыстану пәндерінен танымдық деңгейлерін көтеру,

Қызығушылығын арттыру,

Ізденуге үйрету.

Апталықтың бірінші күні, жаратылыстану пән бірлестігінің жетекшісі Г.Ботпанова оқушыларды апталықтың жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген танымдық деңгейлерін арттыру мақсатында химия, биология, география пәндерінен танымдық ойындар ойнатылды. Танымдық ойында #логика, #есептеу, #кәсіптік_бағдар, #эстетика, #экономикаға қатысты оқушыны ойландыратындай қызықты тапсырмалар беріліп, оқушылар белсенді қатысты.

Екінші күні географиядан Әбдір М. #Тау_жыныстарының_жасын_анықтау тақырыбында #зертханалық_сабақ өтті.

Үшінші күн Ж.Телеубаеваның химия пәнінен "Металдардың белсенділік қатары" тақырыбындағы #сарамандық_сабақ өткізді. География пәнінің мұғалімі Ж.Ахметова "Қорқыт ата мемориалдық кешенінің географиялық тарихы" атты #танымдық_саяхат сабағын Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейінде өткізді. Оқушылардың дарындылығын дамыту мақсатында 8,9,10 сынып оқушылары арасында география,химия,биология пәндерінен "Дарындылық-ой-өрістің жеңісі" атты мектепішілік олимпиада ұйымдастырылды.

Төртінші күні биологиядан Ж.Бошайбек, географиядан Н.Қалиева, химиядан Г.Ботпанова Қорқыт ата атындағы университеттің жаратылыстану кафедрасының аудиторияларына оқушылармен бірге барып университет мұғалімдерімен АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, интеграциялық сабақтар өтті.

Бесінші күн биология пәні мұғалімі М.Омарованың "Cellular respiration Integrated lesson" тақырыбында ағылшын пән мұғалімі Несіпбаева Перизатпен #кіріктірілген_сабақ өткізді. Апталықтың соңғы күні "ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар дәуірі" атты республикалық ғылыми жоба қорғау конкурсының (мектепішілік) І кезеңі өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды ғылыми зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарына ынталандыру. Оқушылар жобаны "Таза табиғи орта-Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі" мен "Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары" деген 2 бағыттың 5 секциясы бойынша қорғады.Барлығы 12 оқушы қатысты. Байқаудың мектепішілік кезеңіне қатысқан барша оқушыларды "Білімпаз" оқу-әдістемелік орталығының директоры, э.ғ.к. З.Д. Тажиева мен Қ.Қ. Шухаманова ұстаздарымыз әділ қазылық жасап, оқушыларға сұрақтар қойып,тақырыптарына сәйкес ой қозғап, жоба барысында кеткен кейбір кемшіліктерін айтып ескертті. Сәтті шыққан жоба қорғаушы 4 оқушыны марапаттап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.Қалған оқушылардың да жобалары өзекті, жақсы жұмыс жүргізілгендігін, ізденістің бар екендігін, әлде де болса толықтыруды қажет ететіндігін айтты. Жобаларда практикалық құндылықтың зор екендігі мен мектеп эксперименттерін жетілдіруге қажетті дүниелер бар екендігін атап айтты.

Апталық жұмыстарында белсенділік танытып, сайыстар мен байқаулардың нәтижелерімен көзге түскен 5-11 сынып оқушыларыда марапатталды. 

 

 {gallery}neww-14{/gallery}