oC

Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде 8 тамыздан бастап 1-сыныпқа баратын мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған балалар үшін “Балақайлар мектебі” мектепалды даярлық қысқа мерзімді курстары ұйымдастырылды.

Мақсаты:

  • баланың мектепте оқуға оң көзқарасын қалыптастыру;
  • 1-сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру;
  • бірлескен іс-әрекет дағдыларына тәрбиелеу;
  • коммуникативтік-танымдық қабілеттерді қалыптастыру;
  • шығармашылық қабілеттерін дамыту.

“Балақайлар мектебі” мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты арттырады, мұғалімдер мен ата-аналарға балаларды мектепке оқуға үйренуге мүмкіндік береді.

Құрметті ата-ана, сіздің де балаңызды “Балақайлар мектебі” курсына қатысуға шақырамыз!