Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде “Балақайлар мектебі” мектепалды даярлық қысқа мерзімді курстары ұйымдастырылуда.
Мақсаты:
- баланың мектепте оқуға оң көзқарасын қалыптастыру;
- 1-сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру;
- бірлескен іс-әрекет дағдыларына тәрбиелеу;
- коммуникативтік-танымдық қабілеттерді қалыптастыру;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Құрметті ата-ана, сіздің де балаңызды 40 жыл еңбек өтілі бар, зерттеуші ұстаз 1 "Ә" сынып жетекшісі Әбілқасымова Тамаша Әріпханқызының сыныбына шақырамыз!



