Әлем математика тілімен бейнеленген.
(Галилео Галилей)
Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебінің математика, физика және информатика пәндер бірлестігінің #Білімнің_биік_асуы_математика тақырыбында апталық басталды.
Апталықтың мақсаты
Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша алған білімдерін саралау, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Апталық ашылуында қазіргі жаһандық дамуда бәсекеге қабілетті, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында математика туралы қызықты фактілер алаңы, физикалық тәжірибиелер, информатикадан робот жарысы өтті.
{gallery}neww-15{/gallery}
Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде 25 қазан күні «Білімнің биік асуы - математика» атты апталық аясында 6 «Ә» сыныбында информатика пәні мұғалімі Байдарбесова Салтанат «Компьютер қалай жұмыс істейді?» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: компьютер құрамдас бөлектерін ажырата білу, компьютер жұмысының алгоритмін білу, компьютер құрамдас бөліктерінің атқаратын қызметінің маңыздылығын түсіндіру.
Сабақ барысында оқушылар компьютермен қатар ұялы телефонда тапсырмаларды орындап, белсене қатысты. Сонымен қатар Wordwall, Padlet тақтасында кеңінен жұмыс жасау жолдарын меңгере отыра, берілген тапсырмаларды тиянақты орындады.
{gallery}neww-16{/gallery}



