oC

 

Білім күні – бастауы бар ілімнің. Еліміздің жарқын болашағы үшін жауапты кезең қызу қайнаған жаңа оқу жылының басталуы. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді. Себебі бұл күні барлық жолдар тек білім ордаларына апарады.

Осындай маңызды күнде, мектеп тәрбие жұмысында ерекше орын алатын ювеналды полиция қызметкерлері және Мектеп инспекторының жас көмекшілері мектебімізге алғаш келген 1 сынып оқушыларын құттықтап, сыйлықтарын табыстаса, мектебіміздің 11 сынып оқушыларына алдағы Ұлттық бірыңғай тестке сәттілік тіледі.

Мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мектептің ішкі тәртібімен және мектеп жасындағы оқушылардың қоғамдық орындарда жүруі ережелерімен таныстырды.

 

Qyzylorda PD

#bilim_quni

#біртұтас_тәрбие