oC

Жаңа оқу жылынан бастап мектебімізде «Цифрлық ұстаз» жобасы жүзеге асырыла бастады. Бұл бағдарлама үлгерімі төмен оқушылардың білімін көтеріп, негізгі пәндерді тереңдетіп оқытады. Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, жоба негізінен мұқтаж отбасы балаларын қамтиды.

Жоба аясында тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылардың үлгеріміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Токтамуратова Манат Жарбосынқызы мектеп мұғалімдеріне әдістемелік сүйемелдеу сағатын өткізді. Осы оқу жылында 8-11 сынып оқушылары үшін негізгі алгебра, геометрия, химия, физика, биология, Қазақстан тарихы пәндерді тереңдетіп оқыту көзделетіндігін айтып өтті. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға негізгі пәндер бойынша цифрлық білім беру ресустарын пайдаланып, қашықтықтан білім беріледі. Осылайша оқушылар қосымша дайындалып, үлгерімін көтеруге болады.

Жыл басында мектебіміз де тұрмысы төмен делінген отбасы балалары анықталып, тізім нақыталанды. Оқушылар енді жоба аясында жыл бойы арнайы платформалар арқылы қосымша онлайн білім алатын болады.