oC

АНА ТІЛІ АРУЫ

Қыз – ар-ұят. Қыз – ұлттың қызғалдағы. Жүректің қылын шертіп, сұлулық пен даналықты, өжеттілік пен қайсарлықты бір бойына ұштастыра білген, өмірдің сәні мен мәніне айналған қазақ қыздары халықтың асыл қазынасы.

Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге бағыт-бағдар бере отырып, жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ана тілі аруы» байқауы өтті.

Байқау кезеңдері:

- Сәлем – сөздің анасы

- Кім тапқыр

- Монолог

- Өнер сайысы

- Менің сәнді ұлттық киімім

Байқауға қатысушы оқушылардың барлығы да тыңғылықты дайындықтарын көрсете отырып, барлығы да мықты екендерін дәлелдеді. Қазылар алқасы үздіктерді марапаттап, барша қатысушыға сәттілік тіледі.