Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.
Абылай хан атындағы #140 қазақ орта мектебінде "ҚАРТТАРЫМ- АСЫЛ ҚАЗЫНАМ" атты ардагер ұстаздармен кездесу кеші өткізілді.
Кездесу кешінде оқушылар әнмен шашу шашып, өнерлерін көрсетті. Ардагер ұстаздар оқушыларға алғыс айтып, бата берді.
Мереке қарсаңында ардагер ұстазымыз Ержанова Әмина Әуесбайқызы 90 жасқа толуына орай Облысытық Білім Басқармасы мен Қызылорда Облыстық Білім Кәсіподағы ұйымы теледидар сыйлады.
Қазақтар, «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз!
https://140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/1025-arttar-bizdi-asyl-azynamyz.html#sigProId8c8a521da6



