ҰСТАЗЫМ, ҰЛАҒАТЫМ, СЫЙ-ҚҰРМЕТІМ!
Ұстаздар күні – бұл білімнің бастауы саналатын ұстаздарға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін ерекше атап өтетін күн. Ұстаздар – білім мен бағыт-бағдар беретін, әрбір адамның арман-мақсаттарына жету жолында қолдау көрсететін тұлғалар.
Мектебіміздің 11-сынып оқушылары 5 қазан - Ұстаздар күні мерекесіне орай барша ұлағатты ұстаздар қауымы мен мектеп мұғалімдерінің құрметіне тамаша мерекелік шара ұйымдастырды.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР!
https://140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/1033-stazym-la-atym-syj-rmetim.html#sigProIdaa021d0237



