Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде Қызылорда қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Мәдібек Нұрлан Мұратбекұлы және ҚПБ ЖПҚю ЮПБ полиция аға лейтененты А.Үсеновамен кездесу болып өтті.
Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз!
https://140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/1035-bala-t-rbiesi-barsha-a-orta.html#sigProIdd511f18ffb



