БАЛА ТӘРБИЕСІ БАРШАҒА ОРТАҚ ашық алаң
Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында
«БАЛА ТӘРБИЕСІ–БАРШАҒА ОРТАҚ» тақырыбында #ашық_алаң өтті.
Ашық алаңға мектебіміздің ата-аналары және бала тәрбиесі, оның міндеті мен құқықтары жөнінде айтар салмақты ойлары бар арнайы қонақтарымыз қатысты.
Даурен Шарипбаев - Қызылорда облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілі
Жаксыгуль Тоганова - Қызылорда облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл
Батырбек Төребекұлы Жұмағали - Қызылорда қалалық прокуратура қызметкері
Nurbol Aldabergenov - Ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры.
Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жұмыстарының негізінде сөз сөйлеп, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыруға және заңның әділдігіне сенуге шақырды.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болатын еді.
Жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еніп келе жатқан қазіргі кезеңде, жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай, озық, ұлттық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек ету баршамызға міндет.
https://140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/1036-bala-t-rbiesi-barsha-a-orta-ashy-ala.html#sigProIdf78f9aeb9f



