Еркіндікке жетелеген тарих беттері
БІЛІМ ҒЫЛЫМ НӘТИЖЕ "Ғылыми бағдар беру шеберханасы”
”Педагогикалық дизайн” кіші мектебі
Тарих апталығы
Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі
”Еркіндікке жетелеген тарих беттері” тақырыбындағы апталық таңертең сабаққа келген оқушылар мен педагогтарды ұлттық аспапта қазақтың күйлерін әуелеткен, домбырашылардың рухани күш беретін өнерімен қарсы алудан басталды.
Тәуелсіздіктің тарихымен өрілген қызықты сұрақтарға мүдірмей жауап бергендерге ұлттық тағамдарымыз бауырсақ, құрттан ауыз тию құрметі бұйырды.
21.10.2024ж күні сағат 12.30 АКТ залда өткізілген апталықтың ашылу салтанатында “жасанды интеллект”арқылы жасалған виртуальды жүргізушімен басталған кеште ҚР гимнін жұртшылық бірге орындап, тарихи қызықты ойындар, ұлттық аспаптағы ән мен күй, термемен жалғасып, “Атамекен” әнімен оқушылар көк жалаушаларын жоғары көтеріп, жоғары рухпен аяқтады.
Тарих пәні мұғалімі Қалжанқызы Гүлжазира “Орта Азия халықтарының әлемдік рухани мәдени дамуы”тақырыбында заманауи білім берудің ұтымды үлгілерін көрсете отырып ашық сабақ өткізді.
Апталықтың мақсаты оқушыларды Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін қадірлейтін парасатты азаматтар тәрбиелеу.
Тарихты саралап, болашақты болжап-Тәуелсіздікті нығайту борышымыз.
https://140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/1047-erkindikke-zhetelegen-tarikh-betteri.html#sigProId2a615efd16



