ДАРА ДАҢҒЫЛ, КЕМЕЛ ЖОЛ
Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде Аманат партиясы “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында Отбасы мектеп штабы мен “Балалар кітапханасы” жобасының ұйымдастыруымен «ДАРА ДАҢҒЫЛ, КЕМЕЛ ЖОЛ» тақырыбында жерлесіміз, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылының тумасы, Есжанов Темірбек Әубәкірұлының құрметіне арналған дара жол ашық алаңы өтті.
«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен берген білімі – бала болашағының берік іргетасы.
Темірбек Есжанов- өмірінің көп бөлігін оқу-ағарту ісіне, білім беруге, бала тәрбиесіне арнаған, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Бүгінгі шараның басты мақсаты оқушыларды Темірбек ағамыздың өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырып, бірге өскен замандастарымен еңбек жолындағы жетістіктері төңірегінде сыр шету.
Шара барысында Темірбек Есжановтың өмір жолындағы кезеңдері басты назарға алынды.
- Балалық шағы-Балдәурен кезеңі;
- Студенттік жылдары;
- Ұстаздық жолы;
- Мектептен шаруашылыққа кәсіподақ, кеңес, кеңшар директоры кезеңі;
- Ауылдан қалаға ұстаздық жолы;
- Журналист, жазушы кезеңі;
Шарада Темірбек ағамыздың ұстаздары, өмір жолында жолықтырған замандастары қонақ болып, бастан өткерген қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Гүлшат Исақызы- Аманат партиясының атқарушы хатшысы, Облыстық маслихат депутаты;
Меңлібаев Алихан - Темірбек ағамызға физика пәнінен сабақ берген ұстазы;
Өмірбаев Жалғасбай-Таң ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы;
Айдос Рахметов- Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің аға оқытушысы, ақын-жырау;
Нұрлан Көбегенұлы- “Әлімсақ” журналы мен “Ұстаз мәртебесі” газетінің бас редакторы;
Сондай-ақ Қызылорда облысының құрметті ардагер ұстаздары Алтын Болатовна, Үміт Қажығалиқызы, Гүлзия Жұмағалиқызы, Галина Мүсілімқызы да шарамыздың қадірлі қонағы болды.
Әжесінің тәрбиесін көрген, жақсы ұстаздарға кезігіп, тәлім-тәрбие алған бала Темірбек өмір майданында мойымай күресіп, ұлт сапасын жаңғыртуда еңбегі сіңген ұлы тұлға… Өмірінің әр сәтін өлең сөбен өрнектеген ақын, жазушы...
Еліміздің ертеңі үшін еңбек етіп, келер ұрпаққа із қалдыратын ұлы тұлғаларымыз көп болсын!
https://140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/1049-dara-da-yl-kemel-zhol.html#sigProId696b31f5a3



